Жоба туралы

 

тоо

«KLPE»ЖШС – акцияларының 99,9%-ының иесі «Біріккен химиялық компания» ЖШС, 0,01%- «Полимерпродакшн» ЖШС. «KLPE»ЖШС акцияларының 100%-ы 2019 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілді.

«Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу – Екінші фаза (полиэтилен)» жобасы ИИДМБ және Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың үкіметтік бағдарламасы шеңберін әзірленуде. Қазақстан Республикасының стратегиялық инвестициялық жобалар тізбесіне кіреді.

Жоба ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін жылына қуаты 1,25 млн.тонна ірі тонналық полиэтиленді жасауға және өндіруге бағытталған. Шикізат ретінде Газды сепарациялау қондырғысында талап етілетін көлем мен сапаға дейін дайындалатын мұнай-газ кен орындарынан алынатын газ пайдаланылады.

Жобаны іске асыру орны: Батыс Қазақстан, Атырау облысы.

Қазіргі уақытта Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жүргізіліп жатыр.