01 history


Компания басшылығы



Әлжан Берікұлы Имашев

«KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС Басқарма төрағасы

1987 жылы 16 ақпанда дүниеге келді

Білімі

2009 жылы Американың халықаралық университетінің «Бизнес және экономика» факультетін «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдады. 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар» факультетін «Құқық» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолы:

2008 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында – «Алматы Терминал» ЖШС директоры.

2010-2013 жылдар аралығында – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ Атқарушы директоры, Дамыту жөніндегі вице-президенті.

2013-2014 жылдар аралығында -  «Қазақалтын» АҚ коммерция жөніндегі директоры.

2014 жылдан бастап 2018 жылғы қыркүйек аралығында - «ПМХЗ» ЖШС бас директорының дамыту жөніндегі кеңесшісі, бас директордың корпоративтік дамыту және трансформация жөніндегі орынбасары, бас директордың корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары.

2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы шілде аралығында - KPI Inc ЖШС Басқарма төрағасының корпоративтік функциялар жөніндегі орынбасары.

2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін - Басқарма төрағасы

«KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС

Наградалар:

«KAZENERGY» қауымдастығының Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетикалық кешенін дамытудағы еңбек және кәсіби кәсіби еңбегі үшін мойындау және мадақтау белгісі ретінде медалі.

Мерейтой медальдары: «ПҚОП 30жыл», «ПМХЗ 40 жыл».



Мұрат Әбиұлы Досмұратов

«KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС Басқарма төрағасының жобалар жөніндегі орынбасары

1963 жылы 13 наурызда дүниеге келді

Білімі

1985 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «инженер-химик-технолог» мамандығы бойынша тәмамдады, ал 1990 жылы сол институттың техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Еңбек жолы:

1985-2003 жылдар аралығында – «Петро Қазақстан Ойл Продакс» ЖШС (ШМОС) технологиялық қондырғылардың операторы, цех бастығының орынбасары, зертхана бастығы, аға инженер, ӨТб бастығы, бас технологы

2004 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-химия департаментінің бас менеджері, директоры.

2010 жылдан 2012 жылға дейін - «ҚМГ салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС мұнай өңдеу жөніндегі бас инженері.

2012 жылдан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін - Kazakhstan Petrochemical Industries ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.

2016 жылғы сәуірден бастап 2016 жылғы қазан аралығында - «Біріккен химиялық компания» ЖШС Техникалық даму қызметінің бастығы.

2017 жылғы қаңтардан бастап 2017 жылғы қараша аралығында - ҚР-дағы Rominserv SRL филиалының іске қосу-жөндеу жөніндегі басшысы (ПМХЗ изомеризация қондырғысы)

2017 жылғы қарашадан бастап 2018 жылғы қазанға дейін - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу департаментінің директоры.

2018 жылдың қазанынан 2019 жылдың тамызына дейін - KPI Inc ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі, Басқарма төрағасының жобалар жөніндегі орынбасары.

2019 жылғы тамыздан қазіргі уақытқа дейін «KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС Басқарма төрағасының жобалар жөніндегі орынбасары.

Наградалар:

«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, награждён Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мерейтой медальдары: «ПМХЗ 35 жылдығы», «ПҚОП 30 жыл», «АМӨЗ 70 жыл».



Асхат Ғалымұлы Хасенов

«KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС Басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары

1983 жылы 13 қазанда дүниеге келді

Білімі

2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, инженер» мамандығы бойынша тәмамдады. 2013 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша халықаралық бизнес университетін тәмамдады, Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі берілді.

Еңбек жолы:

2005-2006 жылдар аралығында - «Торғай Петролеум» АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы.

2006 жылдың сәуірінен бастап 2010 жылдың шілдесі аралығында - «Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарының әзірлемелері бөлімінің бастығы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, Вице-президенті.

2010 жылдың шілдесінен 2011 жылдың қыркүйегіне дейін - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология және мемлекеттік бақылауды талдау комитеті Мониторинг басқармасының бастығы.

2011 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың сәуіріне дейін-мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының бастығы.

2014 жылдың сәуірінен 2019 жылдың қаңтарына дейін - ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры.

2019 жылдың наурызынан бастап 2019 жылдың тамызы аралығында - ADAEnergy ЖШС басқарушы директоры.

2019 жылдың тамызынан қазіргі уақытқа дейін - «KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС Басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары.

Наградалар:

«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «KAZENERGY» қауымдастығының медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мерейтой медальдары: ҚР «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан мұнайы - 120 жыл».