Project

 

 

Жоба туралы

 

 

«Атырау облысындағы біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылысы - Екінші фаза (полиэтилен)» жобасы Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнеркәсібінің үкіметтік бағдарламасының ауқымында құрастырылды. Жоба Теңіз және Қашаған мұнай-газ кен орындарындағы газдың көлемін қосымша құны жоғары мұнай-химия өнімін өндіріп, алдағы уақытта ішкі және экспорттық нарықта өткізуге арналған мұнай-химия өнімін өндіру жөніндегі газ-химия кешеніне арналған бастапқы шикізат ретінде пайдалануға бағытталған.

 

 

Полиэтилен өндіретін кешеннің құрылысы аймақта мұнай-химия кластерін жасап, оны алдағы уақытта саланың жоғары технологиялық негізгі өнімін алу болып табылады.

 

 

Жоба Қазақстан Республикасының инвестициялық-стратегиялық жобаларының тізіліміне кіреді және 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының ауқымында жүзеге асырылады.

 

 

Жобаны жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктесі – LG Chem, Ltd. трансұлттық компаниясы (Оңтүстік Корея) тартылды.

 

Жобаны жүзеге асыру орны: Батыс Қазақстан, Атырау облысы, Атырау – Доссор тасжолының бойында, Карабатано ауданы, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағы.