Products

 

 

Құрылатын кәсіпорынның қуаты


Жылына 800 000 метрлік тонна полиэтилен

 

 

Өнім

 

Тығыздығы жоғары полиэтилен (HDPE) – жылына 400 мың тонна, соққыға және жылуға төзімділігімен сипатталады, жоғары диэлектр сипаттамалары бар, биологиялық инертті болып табылады, ылғал өткізбейді, қайта өңдеуге жатады және т.б.


Тығыздығы төмен сызықтық полиэтилен (LLDPE) – жылына 400 мың тонна, жоғары химия төзімділігімен, төмен және жоғары температура кезінде жоғары пайдалану қасиеттерімен, балқытпаның иілгіштігімен сипатталады, биологиялық инертті және экологиялық таза болып табылады, қыздыру кезінде улы заттар бөлінбейді және т.б.

Осы өнім бесінші және алтыншы рет қайта қорытылатын өнімді шығару үшін негіз болып табылады, өнеркәсіптік және халық тұтынатын тауар түрлерін (орауыш, құбыр, құрылыс материалдары және т.б.) өндіруге мүмкіндік береді.

 

 

Қолданылу саласы және алдағы қайта қорыту нұсқалары


Аталмыш өнім тамақ өнеркәсібінде, құрылыс-әрлеу жұмыстарында, жеңіл өнеркәсіпте және тұрмыста қолданылады. HDPE химиялық және қауіпті заттарды тасымалдау мен сақтау үшін қолданылатын пакеттерді, үрленіп жасалған бөтелкелерді, бөшкелер мен канистрлерді, сондай-ақ құбырларды, шатырларды, легендерді, сусабын бөтелкелерін, косметика, тазартқыш құралдарын және т.б. өндіруге арналған.


LLDPE машинамен және қолмен пакеттейтін стрейч-пленкаларды, ламинаттанған және көп қабатты пленкаларды, түрлі орауыш материалдарын, тағам өнімдерін мұздатқыш дорбаларды, сондай-ақ ыстық тағам өнімдерін және т.б. өндіруге арналған.