01 history

 


 

Бос қызмет орындары

 

 

«KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС-нің кадрлық саясатының мақсаты — біздің компаниямыздың қажеттіліктеріне, қолданыстағы заңнаманың талаптарына және еңбек нарығының күйіне сәйкес қызметкерлер құрамының саны мен сапалық құрамын жаңарту және сақтау үдерістерінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ету.

 

Біз өз қызметкерлеріміздің кәсіпқойлылық, нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылыс және командада жұмыс істеуге дайындық сияқты қасиеттері үшін бағалаймыз.

 

«KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС өз қызметкерлерінің өзіндік әлеуетін ашу және сансабының өсуі үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады.

 

Қызметкерлер құрамының жемісті еңбектенуге, дамуға, жаңа нәрселерді үйренуге дайындығы мен қабілеті — «KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС-нің ұзақ мерзімді табысының кепілі. Сондықтан компания ұжымның кәсбіи деңгейін арттыруға, әлеуметтік және кадрлық саясат мәселелеріне көп назар аударады. «KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС-нің әлеуметтік саясаты ұжымда салауатты микроклимат жасау,а бағытталған, бұл қызметкерлерге өздерінің негізгі атқарымдарын сәтті орындауға мүмкінжік береді. Біздің компаниямыз өз қызметкерлеріне әлеуметтік қызметтер пакетін ұсынады, оған медициналық сақтандыру, қызметкерлердің еңбек демалысы кезінде емделуіне және сауығуына арналған материалдық көмек және көптеген басқасы кіреді.

 

Егер Сіздің «KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС-нің тату ұжымының құрамында біздің басты мақсатымыз - интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы және пайдалану үшін еңбектену үшін жігеріңіз болса, Сіздің жоғары біліміңіз бен осы салада еңбек тәжірибеңіз болса, Сіз ағылшын тілін білсеңіз, біз Сіздің орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемеңізді қарастыруға дайынбыз. Бұл үшін Сізге төменде келтірілген сілтеме бойынша өту қажет.